Өзіміз туралы

«ALG Company» АҚ А тобындағы қоймаларда және контейнер терминалында жауапты сақтау қызметтерінің толық шоғырын ұсынады.

Жоғары білікті қызметкерлер құрамы, заманауи технологиялар, соңғы бағдарламалық әзірленімдерді қолдану, қойма және тоңазыту жабдықтары, қажетті температуралық шарттар мен сақтау шарттарының сақталуын бақылаудың тиімді тетігі кез келген көлік түрлерімен (Авто, Темiр жол, Әуе) жеткізілген жүктердің (тауарлардың) кез келген дерлік түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Біз жалға алудың, фармацевтикалық өнімді, азық-түлік өнімдерін, киімдерді және халық тұтынатын басқа да тауарларды, автобөлшектерді және т.т.  жауапты сақтаудың жүкті өңдеудің бірегей шарттарын ұсынамыз.

Біздің негізгі қызметтеріміз:

  • тж өңдеу (20/40 футтық контейнерлер, жабық вагондар, жартылай вагондар, торлы вагондар, термосты вагондар, ірі көлемді техникасы бар платформалар және т.т.).
  • УСҚ аймақтарында темір жол бірліктерін сақтау, Кедендік аймақ, еркін аймақ.
  • Өнімді қабылдау, тиеу, сұрыптау (жарамсыздыққа шығару).
  • Өнімнің ерекшеліктері мен сіздің тілектеріңізді ескере отырып, оларды жауапты сақтау.
  • Тарату орталығы жұмысының пішіміндегі қойма қызметтерінің ең кең тобы.
  • Сауда нүктелеріне және толайым сатып алушыларға жеткізу үшін тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша тапсырыстарды іріктеу және жинақтау.
  • Cross-docking (жауапты сақтау аймағына орналастырмай тауармен жасалатын операциялар).

Жаңалықтар

Пікірлер

  • «ALG company» компаниясы өзін сенімді серіктес ретінде көрсетті. Олармен ертеден ынтымақтасып жұмыс істейміз, ынтымақтасып жұмыс істеген аралықта біздің тарапымыздан бірде-бір шағым болған жоқ. Жігіттер, жарайсыңдар, осы қалыптан таймаңдар!

  • Жігіттер шынында көп нәрсе істей алады! Қоймасы қаладағы ең үлкен қойманың бірі. Бүге-шігесіне дейін ойластырылған, басшылығы өте ұнайды, құжаттары әркез дайын тұрады, әрі жүктері де әркез уақтылы келеді.

  • Мен «ALG company» компаниясының байырғы клиентімін. Жігіттер ешқашан ұятқа қалдырған емес! Жүк әрқашан мерзімінде, тұтас, әрі аман-есен  келеді. Бәріңізге бұл компанияны сенімді серіктес ретінде кеңес береміз.